Қаскелеңде 25 жастағы жігіт көліктен оқ атты
Қаскелеңде 25 жастағы жігіт көліктен оқ атты
345
оқылды

Алматы облысы Қаскелең қаласында 25 жастағы жігіт көліктен оқ атты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, оқиға Абылайхан көшесінде болған. Көшедегі жұрт шошығанымен, ешкім зардап шекпеген.
Полиция күдіктіні ұстады. Ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өз ісін үйлену тойы кезінде қуаныш үстінде жасағанын айтып ақталған. Оқ көліктен атылған. Ол көлік айып тұрағына қойылды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.