Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Volkswagen Golf автокөлігін айдаған 34 жастағы елордалық әйел Қостанайға бара жатқан жолда рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетті. Салдарынан KIA Sportage маркалы автокөлікпен соқтығысты. Рөлде 55 жастағы қостанайлық отырған", - делінген хабарламада.Volkswagen Golf көлігінің жолаушысы – Нұр-Cұлтан қаласының 41 жастағы тұрғыны оқиға орнында мерт болды. Екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер Көкшетау қаласының арнайы тұрағына қойылды.