Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.«Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады», – деп жазды Берік Уәли.