Кикбоксингтен әлем чемпионатында спортшыларымыз 6 алтын жеңіп алды
Кикбоксингтен әлем чемпионатында спортшыларымыз 6 алтын жеңіп алды
190
оқылды
15-24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан құрамасы 17 медаль иеленді, - деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі. Апенин түбегіндегі жарыста 65 мемлекеттен келген 1600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы бұл сында алты алтын, бір күміс пен 10 қола медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар - Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазледдин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора. Күміс жүлдегер - Азамат Өтемісов. Қола жүлдегерлер - Серікбол Ермеков, Батырхан Қуандықов, Ариза Сманова, Дулат Дүйсенов, Жандос Назарбеков, Шыңғысхан Тлемісов, Берік Халықов, Бибарыс Сауханбек, Әділ Мырзағали, Дидар Төлебаев.