Нұр-Сұлтанда бірнеше көлік жолдың қарсы бетіне шығып, жарыс ұйымдастырған
Нұр-Сұлтанда бірнеше көлік жолдың қарсы бетіне шығып, жарыс ұйымдастырған
134
оқылды
Елордада бірнеше көлік жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті. Әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады.
«Аталған факті бойынша Mercedes Benz маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігіне шығып кеткені үшін Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-тармағымен әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1-тармағы және 630-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.
 Тағы бір Mercedes Benz көлігінің 31 жастағы жүргізушісін қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мұнан бөлек, Toyota Camry, BMW, Mercedes Benz көліктерінің жүргізушілерінің үстінен де әкімшілік іс қозғалып отыр. Ал ұсталған көліктердің барлығы коммуналдық тұраққа қойылды.