Мұхаммед Әлидің немересі екінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді – Видео
Мұхаммед Әлидің немересі екінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді – Видео
Фото: Sport.ru

Мұхаммед Әлидің немересі, орта салмақтағы американдық Нико Али Уолш кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Атлантадағы (АҚШ) State Farm аренасында өткен бокс кеші аясында Уолш 36 жастағы отандасы Джеймс Уэстлиді жеңді. 

Екінші және үшінші раундтарда Уолштың қарсыласы нокдаунға түсіп, одан соң оның жаттықтырушысы кездесуді жалғастырудан бас тартты.  Сол арқылы Нико Али Уолш кәсіби бокстағы екінші мерзімінен бұрын жеңісіне қол жеткізді. Ол тамыз айында өткен кәсіпқой рингтегі дебюттік жекпе-жегін 70 секундта нокаутпен жеңген.