«Әлем чемпионаты – 2021»: Сәкен Бибосыновтың алғашқы қарсыласы белгілі болды
«Әлем чемпионаты – 2021»: Сәкен Бибосыновтың алғашқы қарсыласы белгілі болды
Фото: gov.kz
623
оқылды
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың 2021 жылғы әлем чемпионатындағы (Белград) алғашқы қарсыласының кім екені анықталды, – деп хабарлайды Sports.kz. Ол – өзбек Хасанбой Дусматов болады. Айта кетейік, Дусматов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азияның екі дүркін чемпионы (2015, 2017). Белградтағы бокстан ӘЧ-2021 ерлер құрамасының толық құрамы мынадай: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Абылайхан Жүсіпов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райс (60 кг) 75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бек Нұрмағанбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Нұрлан Сапарбай (+92 келі).