Астанада 600 мыңнан астам тұрғын халық санағынан өтті
Астанада 600 мыңнан астам тұрғын халық санағынан өтті
Фото: astana.gov.kz
134
оқылды

Олар «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда жәрмеңкеге келушілермен, сонымен қатар «Big Шанхай» СК, «Артем» СҮ, «Тұлпар» СҮ, «Евразия» СОО келушілерімен әңгімелесіп, санақтан екі тәсілмен – sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн және дәстүрлі түрде өтуге болатындығын еске салды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы департаментінің қызметкерлері, интервьюерлер, еріктілер буклеттер таратып, сұрақтарға жауап берді, планшеттер арқылы қалай тіркелуге болатынын көрсетіп, онлайн санақтан өтуге тілек білдірушілердің барлығына көмектесті.   [caption id="attachment_167428" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: astana.gov.kz[/caption]

«Халық санағы қажетті жұмыс орындарын құру, еңбек ресурстарына талдау жасау, балабақшаларда, әлеуметтік мекемелерде орындар құру және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін еліміздің демографиялық көрінісін көруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны халық санағынан өтті», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің бас маманы Айбек Қалиев.

Елорда тұрғындары халық санағына белсенді қатысуда. Бұған дейін елордалық ҚХА, ҮЕҰ өкілдері қала тұрғындарын санақ науқанына қатысуға шақырды, сондай-ақ еріктілер үй-үйді аралау жұмыстарына қосылды. Елордада бүгінгі таңда шамамен 1,5 мың интервьюер-санауыш халық санағынан өтуге көмектеседі. Естеріңізге сала кетейік, интервьюерлердің офлайн аралау жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады. Ұлттық статистика бюросы онлайн санақтан өткендерге интервьюерге хабарлама нөмірін көрсету қажет екенін еске салды. Олар қайтадан сұралмайды.   [caption id="attachment_167430" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: astana.gov.kz[/caption] Интервьюерлерді санақтың логотипі бар көк түсті шарфы мен сөмкесі бойынша тануға болады, бұдан басқа, әрқайсысында планшет және интервьюер куәлігі болуы тиіс. Куәлікте көрсетілген тіркеу нөмірі бойынша sanaq.gov.kz сайтынан интервьюердің жеке басын тексеруге болады. Сондай-ақ, мұны 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да жасауға болады.

Айта кетейік, халық санағын онлайн өткізу мүмкіндігі тоқтатылғаннан кейін мерзімді ұзарту туралы көптеген өтініштер келіп түсті. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнама функциясын қайта жүктеу туралы шешім қабылданды.