Батыс Қазақстанда өртенген көліктен екі адамның мәйіті табылды

Батыс Қазақстанда өртенген көліктен екі адамның мәйіті табылды

Жол апаты кеше сағат 20:00 шамасында Орал-Атырау жолының 209-шақырымында болған. Ақжайық ауданы Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora көлігі соқтығысқан. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлады.

«Екі көлік соқтығысқаннан кейін өртенген. Жол апаты салдарынан Лада Vesta көлігінің Г. есімді жүргізушісі мен оның С. есімді 1991 жылы туған жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Полиция өртенген Лада Priora көлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан екі адамның мәйітін тапты», – деді полицей.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от PoliceWestKaz?? (@policebqo)

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін жол апатынан қаза тапқандар саны күрт көбейгенін жазған болатынбыз.