Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіндегі бағанаға соғылды. Жол апатынан зардап шеккен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған.«Jaz le маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылды. Автобустың зардап шеккен бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Бұған дейін екі көлік соқтығысып, жанып кеткен көліктен екі адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.