Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы бар. Бір жылда зейнетақы жинағының сомасы 569,5 миллиард теңге болды.
Сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 47,6 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 миллиард теңге, шетелге кету– 29,1 миллиард теңге, жерлеуге – 4,0 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,6 миллиард теңге.Ал жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді. Біржолғы зейнетақы төлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 миллиард теңге.