Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, биыл 20 сәуірде басталған дәстүрлі «Қару» акциясы аяқталды.
«Акция аясында азаматтар қару-жарақты ақылы түрде тапсырады. Республикалық бюджеттен биыл 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғандарға әр қару үшін 10-100 айлық есептік көрсеткіш аралығында төлем қарастырылған», – деді Нұрділдә Ораз.
Акция аясында полицияға мыңнан астам тұрғын өз еркімен 1 400 қару-жарақ тапсырды.