№2 облыстық перинаталды орталықта үшем дүниеге келді. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, 22 жастағы Гүлмира Мирзаева үш қыз босанды.
Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімі берілді. Олардың салмағы – 2 200 гр, 2 310гр, 1 980 грамм. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем дәрігерлердің бақылауында.Үшем дүниеге келген отбасының 2 баласы бар.