22 миллион теңге жымқырған бухгалтер ұсталды
22 миллион теңге жымқырған бухгалтер ұсталды
Фото: kaztag.kz
477
оқылды

Полицейлер биыл жыл басынан бері қаржыны талан-таражға салған 65 фактіні анықтады.

«Павлодар қаласында полицияға кәсіпкер әйел 2021 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында бухгалтер фирманың 22 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденгені туралы арызданған», – дейді полицейлер.

38 жастағы қала тұрғыны өзін сенімді қызметкер ретінде көрсетіп, бірнеше жылдан бері осы компанияда жұмыс істейді.

Полицейлер күдіктінің бұрын алаяқтық үшін сотталғанын анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр.