Полицейлер биыл жыл басынан бері қаржыны талан-таражға салған 65 фактіні анықтады.
38 жастағы қала тұрғыны өзін сенімді қызметкер ретінде көрсетіп, бірнеше жылдан бері осы компанияда жұмыс істейді.«Павлодар қаласында полицияға кәсіпкер әйел 2021 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында бухгалтер фирманың 22 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденгені туралы арызданған», – дейді полицейлер.
Полицейлер күдіктінің бұрын алаяқтық үшін сотталғанын анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр.