Қасым-Жомарт Тоқаевқа кім қандай сыйлық берді?
Қасым-Жомарт Тоқаевқа кім қандай сыйлық берді?
©А.Ахметқазы
379
оқылды

Бүгін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

[caption id="attachment_167442" align="alignnone" width="1200"]арғымақ ат ©akorda.kz[/caption] «Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», – деп жазды Уәли. Түрікмен телеарнасының хабарлауынша, Қазақстан басшысына Ганатлы (Қанатты) атты Ақалтеке жылқысын түрікмен халқының атынан Гурбангулы Бердімұхамедов сыйға тартқан. Тоқаев өз тарапынан Қазақстан халқына құрмет көрсеткеніне алғысын білдірді. Біздің елде Ақалтекенің ең арзаны 4 миллион болса, сәйгүлігі 15 миллион теңгеге дейін барады. Ал Гурбангулы Бердімұхамедов сыйлаған Ақалтекенің құнын ешкім білмейді. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=EiNIkFRWuzY[/embed] Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы кімдердің және қандай сыйлық тарту еткенін анықтап көрдік. Мысалы, 2019 жылдың тамыз айында Ресейдің Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шарасы өткен. Сол жиында Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин естелік ретінде бір-біріне сыйлық жасады. Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етсе, Қазақстан Президенті Путинге халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының екі томын сыйлады. [caption id="attachment_167474" align="alignnone" width="1010"]Қасым-Жомарт Тоқаев www.autonews.ru[/caption] Кездесуден кейін екі елдің басшысы «Сібір-эрмитажын» көріп, артынан жаңа люкстік Aurus лимузинімен қала ішін аралап шыққан. 600 аттың күші бар көліктің бағасы сол кезде 18 миллион рубль болған. Теңгеге шақсақ, 108 569 648 миллионға бағаланған. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=1n2wfhwjrAk[/embed] Сол жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Кездесу барысында Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1520 жылдың әлем картасының факсимильді көшірмесін сыйға тартты. Бұл картада қазақ хандығының тарихы, жаулаған жерін кеңінен көрсетілген. Графикамен орындалған сурет қолжазба күйінде сақталған. Ал Тоқаев болса Беларусь президентіне гольф ойынының жиынтығын сыйға тартқан. [caption id="attachment_167475" align="alignnone" width="1024"]Қасым-Жомарт Тоқаев ©https://mfa.gov.kg/ru[/caption] Бірде Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйінде болды. Мемлекет басшылары Айтматовтың туыстарымен тілдесіп, мұражай-үйі мен оның жәдігерлерімен танысып шықты. Артынан Шыңғыс Айтматовтың ұлы Эльдар Айтматов Қазақстан Президентіне картина сыйлады. [caption id="attachment_167476" align="alignnone" width="1024"]Қасым-Жомарт Тоқаев ©https://www.akorda.kz[/caption] 2019 жылдың қазан айында Қасым-Жомарт Тоқаев аты жер жарған қос теннисші Новак Джокович пен Рафаэль Надальмен кездесті. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа өздерінің аты жазылған жейделерін тарту етті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі теннисшіге де ұлттық үлгідегі сағат сыйлады. Одан бөлек, отау көтерген Рафаэль Надальға отандық шеберлер қолдан жасаған қымбат тастармен әшекейленген хрусталь ваза сыйлады.

Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Қазақстанға қайырымдылық матчын өткізуге арнайы келген еді. Күллі елдің назарын аударған теннисшілердің айқасы «Барыс Аренада» өткен. Ал турнирден түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалды. Жалпы, Джоковичтің Қазақстанға бұл – алғаш келуі. Серб спортшысы бас қаланы көрген бойда бірден ұнатқанын жасырмады.