Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаяу бұрқасын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанып отыр.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз болса, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылиды, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді. Ал облыстың батысында күн райы 3-8 аязға дейін, күндіз 0-5 аралығында төмен болады. Оңтүстікке келсек, 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2…7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында. Қазақстанның орталығында түнде -3…+5-тен -7…+ 3-ке дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылы, шығыста -3…+5-тен -1…+ 7-ге дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады. Елдің оңтүстігінде ауа райы -1…+7-ден -3…+5 дейін төмен, күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін жылы. Республиканың оңтүстік-шығысында -1…+7-ден -3…+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылы болады, – делінген хабарламада.