«Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев Павлодар облысына іссапармен барды. Сапар барысында Жастар қанатының басшысы облыстың жас депутаттарымен, жасотандықтармен, NEET санатындағы жастармен кездесіп, жастарға қатысты нысандарды аралады. Жас депутаттар корпусы кездесу барысында жастар саясатын дамыту, сондай-ақ партияның сайлауалды және 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламаларының жол карталарын іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, партияның облыстық филиалының өкілдері және «Jas Otan» облыстық филиалының жетекшісі Санира Жүсіповамен бірге «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жол карталары аясында студенттік жатақханалар құрылысының барысымен танысты. Жол картасы индикаторларының орындалуын бақылау мақсатында, бірінші нысан Торайғыров университетінің 600 орындық жатақханасының құрылысы болды. Жобаның құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын жыл соңында аяқтау жоспарлануда. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. ⠀ Одан әрі Павлодар педагогикалық колледжі жатақханасының құрылыс барысымен танысты. Жобаның жалпы құны 1 059,5 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары 6 маусымда басталып, кесте бойынша 2021 жылдың 8 желтоқсанында тапсырылуы тиіс. Қазіргі уақытта екінші қабаттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде. Нұржан Жетпісбаев «Jas Otan» Павлодар облыстық филиалына аталған екі нысанның құрылысын бақылауға алуды тапсырды:
«Біздің білуімізше, студенттердің басым бөлігі дәстүрлі оқыту форматына қайта оралды. Қазіргі уақытта облыста жалдамалы тұрғын үй бағасының қымбаттауына байланысты проблема бар. Осы біз барған екі нысан республикалық Жол картасында бар және 600 және 200 орынға есептелген. Объектілерді уақытылы тапсыру жоғарыда аталған мәселенің шешімі бола алатын еді, бірақ, өкінішке орай, олар жол картасының тармақтарын орындамау бойынша үлкен қауіп төндіріп отыр», – деп атап өтті ол.Сонымен қатар, TEDx форматында білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастармен (NEET санаты) кездесу өтті. Кездесу барысында спикерлер жастарға арналған мүмкіндіктер, салауатты өмір салты мен әлеуметтік белсенділік, жұмысқа орналасу және табысқа жету үшін қажетті дағдылар, жас кәсіпкерлерді қолдау, арт, PR және медиа-менеджмент туралы айтып, кино өнерін дамытудағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, Нұржан Жетпісбаев пен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды. Илья Теренченко Нұржан Жетпісбаев жол картасы аясында Достық шағын ауданында жастарға арналған көпқабатты үйлердің құрылысы туралы айтты.
«Бүгінгі таңда мұнда бес көпқабатты тұрғын үй салынды. Қазіргі уақытта шағын ауданда төрт жаңа көпқабатты үйлер салынуда. Қыстың басталуына дейін олар интерьерді безендіру үшін оларға жылу беруді жоспарлап отыр. Жобаның бірінші кезегі аясында 2022 жылдың соңына дейін 2215 пәтер салу жоспарлануда», – деді Илья Теренченко.Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Тілеулесов Жастар бастамаларын дамыту орталығының жұмысымен таныстырды. Орталықтың басты мақсаты жасөспірімдер мен жастардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, олардың адамгершілік-рухани, зияткерлік, шығармашылық және физикалық әлеуетін дамыту болып табылады.