Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған ақпарат жедел басқару орталығына бүгін кешкі сағат 17:25-те келіп түсті. Әуезов ауданындағы орта мектептердің бірінде 6-сынып оқушысы – 2009 жылы туған К.есімді бала үзіліс кезінде жеке қорғанысқа арналған шағын баллоннан бұрышты уыт шашты. Салдарынан төрт мектеп оқушысы мен білім беру мекемесінің тазалық қызметшісі медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.