Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртенді

Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 18:44-те Байқоңыр ауданы Кравцов көшесі, 9а мекенжайындағы «Целинный» мөлтекауданы аялдамасында автобус өртенді. «Ивеко» маркалы №28 қалалық маршруттың қозғалтқышынан өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобустан түсіріліп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.   Өртті сөндіруге ТЖД-нің 7 қызметкері және 1 техника жұмылдырылған.