Ақтөбеде жол апатынан 2 адам зардап шекті
Ақтөбеде жол апатынан 2 адам зардап шекті
Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысып, екі адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолында болған. Lada-219410 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, экскаватормен соқтығысты.  width= «Жол-көлік оқиғасы кезінде Lada-219410 автокөлігінің екі жолаушысы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.