БҚО-да полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды
БҚО-да полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды
Оралда полицейге пара беру әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалды, - деп хабарлайды"Мои город" сайты. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Дарьинск ауылында жалған құжат дайындаған күдікті Приурал ПБ тергеу бөлімі бастығының қабылдауына келіп, оған қылмыстық жауапкершілікке тартылмас үшін 300 мың теңге және 50 доллар көлемінде пара беруге тырысқан.
"Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Бөлім оқиға туралы хаттама толтырып, пара беруші ұсталды, оған қатысты ҚР ҚК 367-бабы "Пара беру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.