ШҚО-да иіс тиген екі бала ауруханаға түсті
ШҚО-да иіс тиген екі бала ауруханаға түсті
Фото: pexels.com
113
оқылды
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға 24 қазан күні сағат 20:44-те Алтай қаласында болған. Ауруханаға улану белгілерімен екі бала, атап айтқанда, 2012 жылғы ұл мен 2019 жылы туған қыз түсті. Жеке тұрғын үйді тексеру барысында департамент мамандары балаларға пеште жарық болуы салдарынан иіс тигенін анықтады.
«Екінші оқиға 25 қазанда Семей қаласында болған. Пеш мұржасының уақтылы тазаланбауынан иіс тиген 1947 жылғы әйел көз жұмды. Құтқарушылар осыған дейін бұл үйлерде қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, бұзушылықтар туралы ескерткенімен олар еш назар аудармаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.