Шаруашылық басшысы сотталды
Шаруашылық басшысы сотталды
140
оқылды

Биыл 19 сәуірде Қара­ғанды қаласы әкімдігінің төртінші қабатында жөндеу жұмыстарын бастамақшы болған бір жұмысшы қауіп­сіздік бел­беуін тағып, тере­зенің ал­дына шыға бер­ген­де, аяғы тайып, белбеу үзі­ліп, жерге құлаған бола­тын. Сол жерде ол алған жарақаты­нан қаза тапты.

Осы оқиға бойынша Қара­ғанды қаласы әкімдігінің ша­руашылық бөлімінің басшысы екі жылға сотталды. Қазыбек би аудандық соты жұмысшыға са­пасыз сақтандыру тросын бер­гені үшін қалалық әкімдіктің ша­руашылық бөлім меңгеру­ші­сін кінәлі деп тапты. «Қылмыстық іс сотқа про­цес­суалдық келісіммен келіп түсті. Сотталушыға ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіп­сіз­дік техникасы ережелерін бұзу» бойынша айып тағылды. Оған 2 жыл бас бостандығын шек­теу жазасы тағайындалды», – деп хабарлады Қазыбек би аудандық соты.

Н.СӘРСЕНҒАЛИ