Зарина рейтингтегі көрсеткішін жақсартты
Зарина рейтингтегі көрсеткішін жақсартты
190
оқылды

Қазақстандық теннис­ші­лер­дің жаңартылған әлемдік рейтингіндегі орындары белгілі болды. Бұл туралы Қазақ­стан теннис федерациясы хабарлады.

Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 34-орынға көтерілді. Осылайша, еліміздің бірінші ракеткасы дүниежүзілік рейтингтегі өзінің үздік нәтижесін қайталады. Ал Тимофей Скатов 269-дан 266-орынға жоғарылады. Бұл оның аталған рейтингтегі рекорд­тық көрсеткіші болып тіркелді. Керісінше, Михаил Кукушкин 147-ден 159-орынға сырғыды. Дмитрий Попко бір саты төмен­деп, 161-ден 162-орынға орналасты. Бейбіт Жукаев 760-тан 746-орын­ға жайғасты. Әйелдер арасында Қазақстан­ның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 19-орынға сыр­ғыды. Юлия Путинцева 44-орнын­да қалса, Зарина Дияс 104-тен үз­дік жүздікке қайта оралды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыдағы турнирдің чемпионы атанды, ал Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалында қарсыласына есе жіберді.

А.ЖАСАНҰЛЫ