Тоғыз айда біткен іс көп
Тоғыз айда біткен іс көп
131
оқылды

Жамбыл облысында тоғыз айда талай тірлік тындырылып, эконо­ми­каның барлық саласында оң ди­намика сақталған. Есепті ке­зең­де өңірдегі экономикалық өсім 4,6 пайызды құрап, 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға бе­ріл­ген. Сондай-ақ 267 миллиард тең­ге инвестиция тартылып, 11 па­йыз­дық өсімді көрсеткен. Бұл ту­ралы облыстық мәслихат депутат­тары алдында есеп берген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев баян етті.

– 2025 жылға дейін 2,5 трил­лион тең­гені құрайтын 107 инвес­тициялық жоба іске асырылатын болады. Биыл 171 мил­лиард тең­геге 31 жоба жоспарланып, жал­пы 78,2 миллиард теңгенің 13 жобасы іске асты. «Қарапайым заттар эко­но­ми­касы» аясында 175 жоба 56 мил­лиард теңгеге несиелендірілді. Жер­гілікті қамту үлесі өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша 51,1 пайызды, құрылыс-монтаж жұмыстары бо­йынша 86,4 пайызды құрады, – деген Бердібек Машбекұлы фар­ма­цевтика саласында да өнім кө­лемі 2,8 есеге өскенін тілге тиек етті. Жалпы, қазір Биологиялық қа­уіп­сіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы вак­циналар шығаратын биофарма­цевтикалық зауыттың құрылысы аяқталған. 1 миллион 750 мың доза вак­ци­на «СҚ-Фармация» хабына жіберіліп, еліміздің барлық өңіріне жеткізілген. Одан бөлек, Қырғыз Республикасына да 25 мың доза гуманитарлық көмек жөнелтілген. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге шағын несие беру үшін жалпы 8,1 миллиард теңге қаралып, оның 7,9 миллиард теңгесі иге­ріл­геніне баса тоқталды. – Ауыл шаруашылығы саласын дамы­туға 19,4 миллиард теңге суб­сидия қара­лып, 13,7 миллиард тең­гесі игерілді. 2025 жылға дейін 350,4 миллард теңгеге 50 инвести­циялық жобаны іске асыру жос­парланып отыр. Егістік көлемі 752 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстыр­ғанда 30,3 мың гектарға артты. Соңғы үш жылда 59,1 мың гектар суармалы жер қал­пына кел­тіріліп, су үнемдеу технологиясы 40 мың гектарға енгізілді. Мал азы­ғын дайындау жұмыстары да қызу жүріп жа­тыр. Жоспардағы 1,7 миллион тонна мал азығы толық­тай дайындалды, – деді Бер­дібек Машбекұлы. Биыл «Тасөткел» су қойма­сы­нан бөлек тағы 7 су қоймасы қал­пына келтіріліп жа­тыр. Есепті ке­зеңде су айдындарынан 363 тонна балық ауланса, оның 200 тоннасы форель балығы. Сонымен қатар 332,8 тон­на бал өндірілген. Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес, «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында облыс орталығы мен он ауданда барлығы 32 әлеуметтік павильон ашылған. Биыл облыста 4 482 пәтерлі 76 тұрғын үйдің құрылысы басталса, жыл соңына дейін 2 902 пәтерлі 50 үй тапсырылады деп күтілуде. Мемлекеттік бағдарламалар ая­сын­да 3,6 шақырым жол салынып, 440,7 шақырым жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, қанағат­танарлық жағ­дайдағы жергілікті авто­жол­дардың үлесі 95 пайызға жеткелі тұр. 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүр­гізіліп, қамтылу дең­гейі 88,7 пайызға дейін артқан. 20 елді мекен табиғи газбен қам­ты­лып, 83,8 пайызға жеткен. Барлық мемлекеттік бағдар­лама мен же­ке бастамалар аясында 27,1 мың жаңа жұмыс орны құры­лып, оның 14,8 мыңы тұрақты жұ­мыс ор­ны ретінде тіркелген. Ал орташа жа­­лақы 25,8 пайызға (203,8 мың теңге) артқан. тоғыз ай Жыл басынан бері жаңа бес мемле­кет­тік мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңы­на дейін тағы үш оқу ордасының құрылысы аяқ­тал­мақ. Одан бөлек, жеке инвестиция есебінен 12 жеке мектеп салынған. 3-6 жас аралығындағы балалар то­лығымен мектеп­ке дейінгі ұйым­дармен қамтылып, өңірдегі 43 700 педагогтің жалақысы 25 пайызға өскен. Облыс орталығында алғаш рет «Оқу­шылар сарайының» құ­рылысы да жүргізіледі. – Балалардың қауіпсіздігін қам­та­масыз ету мақсатында 443 мек­теп бейнебақылау камера­ла­рымен толықтай қамтамасыз етіл­ді. 370 мектепке дабыл түймесі, 85 мек­тепке турникет орнатылды. Тараз қала­сын­дағы 60 мектеп же­дел басқару орта­лығына қосылды. Өңірді дәрігерлермен қам­та­масыз ету үшін С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық меди­ци­налық университетінің филиалы ашылды. Primary Health Care ұлт­тық қауымдастығымен жасалған ынты­мақтастық туралы меморан­дум аясында төрт үздік тәжірибе орталығы құрылды. 10 дене­шы­нық­­­тыру сауықтыру кешенінің құры­лысы жоспарланып, бүгінде екеуі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы төртеуі ашы­лады. Демеушілер есебінен 1,5 мил­лиард теңгеге Тараз қаласында гимнастика және үстел теннисі спорт кешені, 1,1 миллиард теңгеге «Анаға тағзым» орталығы салын­ды, – деді облыс әкімі. Иә, Жамбыл облысында бюд­жеттен тыс қаржыға жобаларды жүзеге асыру игі үрдіске айналып келеді. Мәселен, «Жо­март түлек» жобасы шеңберінде табысты тү­лек­тердің демеушілігімен 2,8 мил­лиард теңгеге 73 елді мекенде жо­ба­лар жүзеге аса­ды. Сондай-ақ «Асар­латып үй салу» жо­басымен былтыр 103 мұқтаж отбасы бас­паналы болса, биыл тағы 138 үйдің құ­рылысы басталып, 38-і пайда­лануға бері­ліп қойды. «Таразға тар­ту» жо­басы аясында облыс орта­лығын­дағы 42 нысанда абат­тан­­дыру жұмыстары қолға алы­нып, 37-сі аяқ­талды. Сонымен қатар ARAI емханасы жұмысын бастады. Жалпы алғанда, демеушілер тарапы­нан 12,7 миллиард теңгеге 10 әлеуметтік нысан бой көтерді. Тағы бір ерекше айта кетерлігі, Мем­лекет басшысының тапсыр­масымен дү­ниеге келген «Бейбіт­шілік пен келісім» жобасы да өз жемісін беріп, ұлттар мен ұлыстар арасын ұйыстырып отыр. Міне, осылайша Жамбыл облы­сында тоғыз айда талай тірлік ат­қа­рылып отыр. Жүйелі жұмыс бұқа­ра­ның да, депутат­тардың да оң баға­сын алды. Енді осы бағыттан тай­май, жыл соңына дейін жос­парлы жұмыстар толықтай тетігін табады деп сенеміз.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы