«Осы уақытқа дейін жалпы 8,2 миллионнан аса адам вакцинаның 1-компонентін, 7,4 миллионға жуық адам 2-компонентін алды. Вакцина егу қарқыны төмендеді. Әсіресе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері вакцинация мәселесін жіті қадағалауы тиіс. Коронавирусқа қарсы екпенің пайдасын түсіндіру жұмысын жалғастыруы қажет», – деді Асқар Мамин.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақтан шықты.