Ұрылар өрісте екі сиырды сойып жатқанда ұсталды
Ұрылар өрісте екі сиырды сойып жатқанда ұсталды
Фото: rootrebound.wordpress.com
157
оқылды

Оқиға Қызылорда облысында болған. Polisia.kz-тің хабарлауынша, өрісте жүрген 2 сиырды сойып, етін алып кетпек болған ұрылар қылмыс үстінде ұсталды.

Биыл 23 қазан күні Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе ауылдарын аралаған полицейлер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының №16 бекет тұсында жолдан шамамен 300-400 метр қашықтықта автокөліктің жарығын байқап, мылтықтың даусын естіген.

Полицейлер дереу сол жерге барып, екі адамның жеңіл автокөлікке бөлшектелген мал етін тиеп жатқанын көреді. Бұдан бөлек, сол жерде мылтықпен атқан сиыр жатқан. Күдіктілер оқиға орнында ұсталды.

Олар 31 жастағы облыс тұрғындары екені анықталды. Екі сиырдың иесі ұрлықтан бейхабар болған.

Күдіктілер Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу басталды.