Цойдың сценарийі бойынша үш айда коронавирус аяқасты қайта өршуі де мүмкін
Цойдың сценарийі бойынша үш айда коронавирус аяқасты қайта өршуі де мүмкін
Фото: time.kz
253
оқылды

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы үш айда коронавирустың таралуына қатысты болжам айтты.

Оның айтуынша,  пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 1 800-ге дейін науқас тіркелуі мүмкін. Желтоқсанда 2 350-ге дейін жетуі ықтимал. Нақты сценарий бойынша қарашада – 1 650, желтоқсанда 1 600 науқас тіркелуі мүмкін.

Бүгін Үкімет басшысы коронавирусқа қарсы вакцина егу қарқыны төмендегенін айтты.