Жайылымнан жылқы ұрлап сатқандар ұсталды
Жайылымнан жылқы ұрлап сатқандар ұсталды
Фото: syrboyi.kz
115
оқылды

Төлеби аудандық полиция бөліміне арызданған ер адамның айтуынша, оның жайылымда қараусыз жайылып жүрген екі бас жылқысы мен құлынын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 1 миллион 200 мың теңгеге жуық.

Полицейлер арыз негізінде мал базар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексерді. Іздестіру нәтижесінде, ұрланған жылқының бірін мал базарда сатылып тұрған жерінен анықтады. Күдікті ұсталды. Ол жылқыны жайылымнан ұстап әкетіп, қорасына жасырып, мал базарға апарып сатқан.

Бұған дейін жайылым билетін енгізу туралы жазған болатынбыз.