Ел басына күн туған шақта ер етігімен су кешкен ардагерлеріміздің қатары күн санап азайып барады. Өткен күндердің куәсі болған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ардагері, арда азамат Қамбар Әмірұлы Сәрсенді компания басшылығы 97 жасқа толуымен құттықтап қайтты.
Бірер жылда ғасыр тойын тойлағалы отырған қарт майдангер ұлағатты әңгімесін айтып, жастарға ақ батасын беріп, үнемі хабарласып, мереке сайын құттықтап отыратын ұжымға алғысын білдірді. «Ұрпақ сабақтастығы деген осы. Көненің көзі деп әрбір мереке, қала берді күнделікті хабарласып, қалімді біліп отырғандарыңыздың өзі – көрегендіктің белгісі. Еліміз тыныш, ұрпақтарымыз саналы болсын!» – деп ризашылығын білдірді қарт жауынгер.