Шетелдік вакциналардың бағасы қандай болатыны белгілі болды

Шетелдік вакциналардың бағасы қандай болатыны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ақылы вакцинаның бағасы қандай болатынын айтты, - деп хабарлады baribar.kz.

Мен нақты айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ, жалпы, вакциналар қымбат емес. Егер біз басқа вакциналарға қарайтын болсақ, олар әр түрлі шектерде – 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Сондықтан бағаны белгілеу сатып алу бағасына байланысты болады, − деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, негізгі дистрибьюторлар келесі жылдан бастап нарықта қолжетімді болатын қосымша вакциналар пулын іске қосу туралы хабардар етілген және осы мәселені пысықтап жатыр.
Мысалы, тұмауға қарсы вакцина. Біз бір вакцинаны сатып аламыз, бірақ сонымен бірге коммерциялық нарыққа балама аналогтарды ұсынуға мүмкіндік береміз, – деді Алексей Цой.
Бұған дейін Үкімет отырысында ол елдегі эпидемиялық жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, соңғы екі айда ауру 4,5 есе, ал өлім 4,8 есеге азайды.