Павлодар облысында жоғалып кеткен ағайындылардың екіншісі де өлі күйінде табылды
Павлодар облысында жоғалып кеткен ағайындылардың екіншісі де өлі күйінде табылды
Фото: pixabay
351
оқылды
Павлодар облысында 5 қазанда жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан табылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«26 қазан күні сағат 16:20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан ағайындылардың екіншісінің денесі табылды. Ол 1985 жылы туған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Павлодар облысында жазықта жоғалып кеткен ағайындылардың бірінің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.