Павлодарда екі тұрғын пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Павлодарда екі тұрғын пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Фото: yandex.kz
129
оқылды
Павлодар тұрғыны өзіне ескерту айтқан қала тұрғындарын пышақтап тастаған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 24 қазан күні сағат 01:30 шамасында Павлов көшесі бойындағы көпқабатты үйдің жанында ішімдік ішкен азаматтар қала тыныштығын бұзған.
Осы үйде тұратын ер адам досымен бірге шығып, жігіттерге ескерту жасапты. Содан кейін жігіттер мен үй тұрғындарының арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан, жанжал барысында осы үйде тұратын екі жігіт пышақ жарақатын алған. Екі жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.