Фракция мүшелері жиын өткізді
Фракция мүшелері жиын өткізді

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық мәслихаттағы фракция же­­тек­шісі Айман Түкбаева төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы он­лайн форматта фракция мүшелерінің кезекті отырысы өтті.

Бұл жиынға облыстың бар­лық деңгейдегі депутаттары жә­не Жезқазған қалалық мәс­ли­хатының «Nur Otan» партиясы фрак­­циясының мүшелері қа­тыс­­ты. Күн тәртібінде көтерілген не­гізгі мәселе – «Nur Otan» пар­­­­­тиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сай­лауалды бағдарламасының орынд­алуы. Жиын барысында Жол картасында көзделген жұ­мыс­тардың жүзеге асырылуы тал­­қыланды. Сонымен қатар де­­путаттар әртүрлі мәселелер бойын­ша өздерінің ұсыныс­та­рын жолдады. Жергілікті «Nur Otan» пар­тия­сының депутаттары жыл соңы­на дейін «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сай­лауалды бағдарламасының то­лық орындалуын қамтамасыз етіп, Жол картасы аясындағы тәуе­келді іс-шаралардың ат­қарылуын бақылауға алмақ. Бұл Мемлекет басшысы ұсынған «Ха­лық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасының бас­ты мақсаты екені айтылды.  

Би-Барыс КӨКШЕ