Президент Михай Варганы қабылдады
Президент Михай Варганы қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан­ның Стратегиялық кеңе­сінің бесінші отырысына жә­­не бизнес-форумға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қа­ла­сына келген Ма­жар­стан Премьер-министрінің орын­­басары – Қаржы министрі Михай Варганы қа­был­дады. Кездесу барысында сауда-эко­но­микалық, қаржы, инвестиция және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы екіжақты қатынастарды да­мытудың перспективалары қа­растырылды. Сондай-ақ пан­де­мия­ға қарсы күрес шараларына, кли­маттың өзгеруіне және аймақ­тық күн тәртібіне қатысты мәсе­ле­­­лер сөз болды. Қазақстан Президенті еліміз­дің тілеулес досы Михай Варгаға іл­типат білдіріп, оның Қазақстанға са­­пары табысты болатынына және екі мемлекет ара­сындағы ынты­мақ­­тастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдір­ді. Мажарстан Премьер-ми­нистрі­­нің орынбасары – Қаржы ми­нистрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаев­қа алғыс білдіріп, әлемдегі қа­зіргі жағдайға қарамастан, Қа­зақстан мен Мажар­стан ара­сын­дағы байланыстардың даму қар­қы­ны бәсеңдемегенін айтты. Қазақстан Президенті мен Ма­жар­стан Премьер-ми­нистрінің 2019 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қа­ла­сында табысты кездесу өткіз­ге­нін айтқан Михай Варга Ма­жар­стан басшылығы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Будапештке алдағы уа­қытта жасайтын са­парын асыға күтіп отырғанын жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан мен Ма­жарстан арасындағы ынты­мақ­тастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Михай Варганы II дәре­желі «Достық» орденімен марапат­тады.