Мектеп оқушысы ресми эко амбассадор атанды
Мектеп оқушысы ресми эко амбассадор атанды
328
оқылды

Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 С сынып оқушысы Сәнім Зейін­ғабыл еліміздің ресми  эко-амбассадоры атанды.

Эко-Амбассадор – экология­лық бастамалар мен жобаларды табысты ілгерілетудің маңызды және ажырамас бөлігі.  Табиғат жанашырларына экологиялық жобаларды ілгерілетуге, экология­лық сананы дамытуға, күнделікті өмірде экологиялық қағидаларды ұстану қажеттілігіне ықпал ету ерекше міндеті жүктелген.
– Менің жобам ол мектептегі экологиялық қозғалысты дамыту, танымдылықты арттыру болатын. Сондықтан мен эко клубтың лидері ретінде өткен жыл бойы онлайн режимде көптеген республикалық және халықаралық іс-шара өткіз­дім. Мәжіліс депутаты, министр­ліктің өкілдері, бизнес өкілдері, Қазақстандағы экологияны негіздеген өкілдермен жұмыс істедім. Халықаралық іс-шарадан кейін, министрлік өкілдері жасалған жұмысты ескере отырып, мектептің ұсынысымен мені Қазақстанның ресми Эко-Амбассадорлығына ұсын­ды, – дейді ол.
Жас табиғат жанашырының айтуынша, адам қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өзіне алып, электр энергиясын, суды үнемдеу, экологиялық тұрғы­да таза өнімді қолдану сияқты қара­пайым ережелерді сақтай білуі қажет. Бұл тұста, Назарбаев зияткерлік мектептері эко белсенділерді үнемі қолдау үстінде. БҰҰ-ның Адам құқықтары жө­нін­дегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелеттің айтуынша, жыл сайын қолайсыз экологиялық жағ­дайлардың, әсіресе ауа мен су­дың ластануының салдарынан бес жасқа дейінгі 1,7 миллион бала қайтыс болады, бұл бүкіл әлемдегі балалар арасындағы өлімнің төрт­тен бір бөлігін көрсетеді. Осы тұста Сәнімнің арқалаған жүгі ауыр.

Айбике ЖАНАСЫЛ