Ол мектептің жертөлесіндегі зиянкестерді улатпақ болған, – деп хабарлайды КТК арнасы.
№9 гимназияда сабақ кезінде бөлмені түтін алып кетеді. «Өрт шықты» деп шошынған балалар далаға атып шыққан. Мектептің жертөлесіне шыбын-шіркей мен тышқан улауға дизенфекция мамандары түтін қойған. Ал мектеп директоры: «Сабақтың аяқталғанын күтпей улаулаға рұқсат берген – шаруашылық меңгеруші» деп ақталды. Сондықтан басшы тек қатаң сөгіспен құтылды. Сондай-ақ каникулды күтпей шыбын-шіркей улауға жол бергені үшін қалалық білім бөлімінің басшысы да жазасыз қалмады. Оған да сөгіс жарияланған.Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова: «Нақты сабақ кезінде өткізгені үшін мектептің директорына және қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берді. Сонымен бірге, осы шараның басы-қасында болған мектеп-гимназияның шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылды», – деді.
Бұған дейін пәтеріндегі қандаланы тазартамын деп, көршісін өлтіріп алған Ақтау тұрғыны туралы жазған болатынбыз.