«Конверттегі ақшаны санап алған» – Сақтағановқа қатысты сот үкімі шықты
«Конверттегі ақшаны санап алған» – Сақтағановқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: kaz.nur.kz
176
оқылды

Қабдрахман Сақтағанов пара алып жатқан жерінен ұсталған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Оған ақшаны Петропавлдағы жеке емхана директоры берген. Параны әйел өзінің емдеу мекемесіндегі жас мамандарға материалдық жәрдем алуға ұсыныпты. Айыпталушылар қатарында экс-басшымен қоса параны берген жеке емхананың директоры да бар. Айнагүл Қарабаева басшылық ететін медициналық мекемеге жолдамамен үш бірдей жас дәрігер жіберілген. Бірақ оларға қосымша материалдық қолдау қарастырылмаған. Сондықтан Қарабаева Денсаулық сақтау басқармасының басшысынан бұл мәселені облыс мәслихаты деңгейінде шешуге қол ұшын созуды сұраған. Қабдрахман Сақтағанов көмектесуге уәде етеді. Осыдан соң әйел оған 200 мың теңге әкеліп берген. Ақыр соңында екеуі де ірі көлемде айыппұл арқалады. Яғни Сақтағанов 6 миллион теңгеге жуық, ал пара беруші 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

Прокурор Асылбек Қоңыратов: «Жұмыс папкасының арасына 200 мың теңгесі бар конвертті салып берген. Әрі бұл туралы ескерткен. Бірақ Сақтағанов заңсыз әрекетті тоқтатуға тырыспапты. Керісінше, әйел шығып кеткеннен кейін қызығушылық танытып конверттің ішіндегі ақшаны санап алады», – деді.