«Сергек» камерасы орнатылған бағана құлап, жолаушы әйел жарақат алды

«Сергек» камерасы орнатылған бағана құлап, жолаушы әйел жарақат алды

Қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.

«Биыл 23 қазан күні Сығанақ көшесі бойында «Сергек» камералары ілінген металл бағана құлады. Sunrise тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде жолдан өтпек болған 45 жастағы әйел жарақат алды. Аталған факті бойынша Есіл аудандық Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады, тексеру жүріп жатыр», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін «Сергек» камерасына түскен айыппұлдарды өшірген полицейлер туралы жазған болатынбыз.