Екі трактордан 750 литр жанармай ұрлаған тұрғын ұсталды
Екі трактордан 750 литр жанармай ұрлаған тұрғын ұсталды
Фото: rzhevgrad.ru
133
оқылды

Биыл 23 қазан күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтың 56 жастағы басшысы арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, ұры түнде далада тұрған екі трактордан 750 литр дизель отынын ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 247 мың теңге. Полицейлер көп ұзамай күдіктіні ұстады. 37 жастағы күдікті кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін темір гаражды ұрлап кеткендер туралы хабарлаған болатынбыз.