Алдағы екі-үш күнде қар жауып, боран соғады
Алдағы екі-үш күнде қар жауып, боран соғады
Фото: www.goodfon.com
233
оқылды

Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады. Жел күшейіп, солтүстік пен орталықта бұрқасын мен көктайғақ, 28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жаууы ықтимал.

Тұман түседі. Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз 5-15 градусқа жылынып, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3-ке дейін, күндіз 3-10-нан 0-8-ге дейін, орталықта түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз 0-10-нан 2-13-ке дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5-ке дейін, күндіз 2-13-тен 0-13-ке дейін 5-15 градус жылы болады.

Оңтүстікте түнде -5-8 градус болса, күндіз 7-15 градус жылы, еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 2-8-ден 0-5-ке дейін, күндіз 10-18-ден 7-15 градус аралығында құбылмалы болады.