Іс-шараға Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Басқарма басшысы Мақсат Бекболатұлы Мажитов, «Qazaqstan» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Мақпал Жұмабай, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов пен отандық және шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистер қатысты.
Кездесу барысында «Шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» ережесі таныстырылып, бекітілді. Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.«Бүгінгі іс-шараға қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Барлық шетелде шығатын қазақтілді ақпарат құралдарының ортақ алаңын қалыптастру жұмысы аясында сайт ашу және жас мамандарды дайындау және басқа да ұсыныстар берілді. Осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі ассоциацияның құрылу мақсаты шетелдегі қазақ тілін сақтап қалу»,– дейді Нұртөре Жүсіп.
«Шетелдегі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» төрағасы болып Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп сайланды.
Бүгінде жалпы 88 қазақтілді БАҚ пен қандастарымыз қолданатын әлеуметтік желідегі топтардың дерекқор базасы жасалған.