Ақтөбеде бір ай бойы хабарсыз кеткен жас жігіт іздестіріліп жатыр
Ақтөбеде бір ай бойы хабарсыз кеткен жас жігіт іздестіріліп жатыр
169
оқылды
Ақтөбе облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы 26 жастағы жігітке іздеу салды. Бекболат Шофер Байғанин ауданы Жарсай ауылының тумасы. Ол Ақтөбе қаласында тұрған. Биыл 23 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
«Ол сағат 08:00-де жұмысқа кетіп, қайта оралмаған. Бекболат Шофер қара түсті бас киім, алдында жазуы бар жеңіл күртеше, қара түсті шалбар, ақ түсті аяқ киім киген. Бойы 170-175 см. Арықша келген жігіттің шашы қара. Құлағы үлкен, ерні қалың, көздері қысыңқы, қоңыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.