Полиция Таразда баланы аяусыз ұрған ер адам туралы түсініктеме берді.
«20 қазанда Тараз полициясына Абай даңғылындағы «Инвиво» медициналық клиникасының жанында кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салған белгісіз адамның үстінен арыз түсті» делінген хабарламада.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары Жамбыл ауданының тұрғынын ұстап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық аурумен ауыратыны және облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұратыны анықталды. Кәмелетке толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті одан әрі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Таразда ер адам көшеде ойнап жүрген бүлдіршінді ұрып құлатқан болатын. Оқиға бақылау камераларына түсіп қалған. Онда ер адамның ойнап жүрген баланы қалай ұрғанын көруге болады. Соққының салдарынан бала асфальтқа шалқасынан құлады. Ер адам орнынан тұрмақ болған баланы тебуге тырысты. https://www.youtube.com/watch?v=r-R25OhVpf8