Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Соған сәйкес бірқатар елдің вакцина паспорттары Қазақстан аумағында жарамды, – деп жарияланды.
«Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», – делінген қаулы мәтінінде.