Елордалық тұрғын бөтен біреудің көлігінен нөмірлерін шешіп алған – Видео
Елордалық тұрғын бөтен біреудің көлігінен нөмірлерін шешіп алған – Видео
226
оқылды
Нұр-Сұлтанда мас ер адам бөтен біреудің көлігінен мемлекеттік нөмірді шешіп алған.  
Полицияға сағат 3:45-те Бөгенбай батыр даңғылында қолына автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұстап алған белгісіз мас ер адамның жүргені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Тәртіп сақшылары 47 жастағы ер адамды ұстады. Мемлекеттік тіркеу нөмірі қайтарылды. Нөмірдің жоғалғаны туралы полицияға арыз түскен жоқ, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
https://www.youtube.com/watch?v=CwI6vgUrIC0 Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік нөмір автокөлік иесіне қайтарылды.