Көп асқанға – бір тосқан. Вайнерлер жаппай жарнамалаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Алматыда ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. 40 жастағы «Мудараба капитал» компаниясының басшысы қазір уақытша ұстау изоляторында отыр, – деп хабарлайды Аstanatv.kz. – Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының нормаларына сәйкес, ол уақытша оқшаулау абақтыға қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасу үстінде, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Сондай-ақ Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы 4 адамды анықтаған. Оның 3-еуі сот санкциясымен қамауға алынған. Айта кетейік, бір топ салымшы сәуір айында алданғандарын айтып шағымданған болатын. 160 салымшы 2 млрд теңгеге жуық ақшасын «Астекс» компаниясына аударған. «Мудараба капитал» мекемесі екі ортада делдал болған. h