Алматы облысының Полиция департаменті 27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасына Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жастағы жасөспірім дене жарақатымен түскенін хабарлады.
Тексеру барысында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында ауызекі ерегестен дау-дамай туып, арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқан. Төбелес салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.
Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты және бақылауда.