Щеткин «Ротордан» кете ме?
Щеткин «Ротордан» кете ме?

«Тень отца Гурмана» телеграм арнасының хабарлауынша, қазақстандық шабуылшы мансабын «Ақтөбеде» жалғастыруды жоспарлап отыр.

Биылғы маусымда Щеткин «Ротор» сапында 8 кездесу өткізді. Алайда футболшы бірде-бір нәтижелі ойынымен көзге түспеді. Алексей ФНЛ-дің 19-туры аясында «Аланиямен» болған ойынға да қатысқан жоқ. Өткен маусымда алған жарақатынан кейін шабуылшы негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалған болатын.

Келер маусымнан бастап Щеткин ресейлік маман Владимир Муханов баптайтын команданың сапында өнер көрсетуі мүмкін.